Қазақстан сырт алаңда Исландиямен тең ойнады

Фотография - Қазақстан сырт алаңда Исландиямен тең ойнады

Футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Исландия құрамасымен кездесіп, 0-0 есебімен тең тарқасты

147 0

Футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Исландия құрамасымен кездесіп, 0-0 есебімен тең тарқасты.

 

Бұл қазақстандықтар үшін соңғы үш күндегі екінші кездесуі болатын. Қос ойынды да сырт алаңда өткізген отандастарымыз алғашқысында Чехия құрамасынан 2-1 есебімен ұтылған. Исландия құрамасы болса сырт алаңда Нидерланды құрамасынан басым түскеннен кейін Қазақстан құрамасымен болатын ойында бір ұпайдың өзі оларды Еуропа чемпионатына шығуына жеткілікті еді.Сол себептен де болар қос құрама да өте сылбыр ойын көрсетті. Біздің қақпамыз маңында болған бірнеше қауіпті сәтте қақпашымыз Стас Покатилов шеберлігімен көзге түссе, шабуыл өтінде ойнаған біздің ойыншылар мардымды ештеңе көрсете алмады. Тең ойын Исландия құрамасына Франция жерінде өтетін Еуропа чемпионатына жолдама берді.Чехия мен Исландияны енді ешкім қуып жете алмайды. Ал топтағы үшінші орын үшін талас Нидерланды мен Түркия құрамалары арасында өрбійді. Біздің құрама үшін ендігі мақсат топта соңғы болып қалмау. Қалған екі ойында осы мақсатты орындай алсақ та үлкен жетістік болатын шығар. 


Исландия – Қазақстан – 0:0
Алаңнан қуылды: Гуннарсон, 89.
Исландия: Халльдоурссон, Севарссон, Сигурдссон Р., Арнасон, Скуласон, Бьярнасон, Сигурдссон Г., Бедварссон (Кьяртанссон, 85), Гуннарссон, Гудмундссон, Сигторссон.


Қазақстан: Покатилов, Малый, Гурман, Смақов, Сүйімбаев, Логвиненко, Қуат, Қонысбаев, Исламхан, Нөсербаев (Щеткин, 76), Жолшиев (Меркель, 46).

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!