Қазақстан жастар құрамасы Алматыда Швейцариядан келген қатарластарына жол берді

Фотография - Қазақстан жастар құрамасы Алматыда Швейцариядан келген қатарластарына жол берді

2017 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі екінші ойынын Швейцария жастар құрамасымен өткізген Қазақстан жастар құрамасы 0-1 есебімен ұтылып қалды

316 0

2017 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі екінші ойынын Швейцария жастар құрамасымен өткізген Қазақстан жастар құрамасы 0-1 есебімен ұтылып қалды. Алматының Орталық стадионында өткен кездесудегі жалғыз голды қонақтар ойынның екінші таймында пенальтиден салды.

 

Қазақстан U-21 — Швейцария U-21 0:1 (0:0)


Гол: Тарашай пенальтиден 85 (0:1)


Ескерту алғандар: Сартаков 84, Тұңғышбаев 88 — Закария 49, Бертоне 65, Хадергьонай 88


Қазақстан U-21 : Павлов, Аслан, Рудосельский, Сартаков, Тулиев, Шайхов, Федин (Балтабаев 71), Жалмұхан, Сүлей, Тұңғышбаев, Аймбетов


Швейцария U-21: Мвого, Хадергьонай, Анга, Аканджи, Гюлен, Янко (Хелифи 59), Бертоне, Закария, Родригес (Суттер 90), Табакович (Камбери 81), Тарашай


Бас төреші: Никола Попов (Болгария)

Қазақстан жастары келесі ойынын 8 қазан күні сырт алаңда Норвегия жастарымен өткізеді.

 

Естеріңізге салсақ, алғашқы ойында жерлестеріміз сырт алаңда Босния жастарын 2-1 есебімен жеңген болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!