Досжан Қартықов Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жолдамасына қол жеткізді

Фотография - Досжан Қартықов Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жолдамасына қол жеткізді

Лас-Вегаста грек-рим, еркін және әйелдер арасындағы күрес бойынша чемпионат басталды. Жүлделі орындардың медальдарынан бөлек палуандар әр олимпиадалық салмақта алты палуан өз елі үшін Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына жолдама алады

325 0

Лас-Вегаста грек-рим, еркін және әйелдер арасындағы күрес бойынша чемпионат басталды. Жүлделі орындардың медальдарынан бөлек палуандар әр олимпиадалық салмақта алты палуан өз елі үшін  Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына жолдама алады. 

Бүгін 75 кг салмақ дәрежесінде қазақстандық Досжан Қартықов жақсы нәтиже көрсетті, деп хабарлады ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресінің федерациясынан. Квалификацияда ол  украиндық Дмитрий Пышковты (4:2), кейін Молдова өкілі Игорь Бислягты (6:0) жеңді. Күтпеген жерден әлем чемпионы мен Олимпиада ойындарының жеңімпазы оңтүстіккореялық Хенву Кимнен (4:2) басым түсті.

Күшінің басым бөлігін бұл кездесуде жұмсаған Досжан ширек финалда олимпиада чемпионы Ресей спортшысы Роман Власовтан жеңілді. Кейін Қартықов 2014 жылғы әлем чемпионы армениялық Арсен Джулфалакянды жерге жықты (5:2).

Нәтижесінде Досжан Қартықов Қазақстан үшін Олимпиадаға деген алғашқы жолдаманы ұтып алды.

Сондай-ақ ол әзірбайжандық  Эльвин Мұрсалиевпен жекпе-жекте қола медаль еншіледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!