"Астана" - "Галатсарай" матчының билеттерi 2-10 мың теңге аралағында сатылады

Фотография - "Астана" - "Галатсарай" матчының билеттерi 2-10 мың теңге аралағында сатылады

30 қыркүйек күнi "Астана-Арена" стадионында өтетiн "Астана" командасының "Галатсарай" командасына қарсы ойынның билеттерi 2-10 мың теңге аралығында сатылады

205 0

30 қыркүйек күнi "Астана-Арена" стадионында өтетiн "Астана" командасының "Галатсарай" командасына қарсы ойынның билеттерi 2-10 мың теңге аралығында сатылады.

Бұл туралы бүгiн "Астана" футбол командасының  УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңiне өтуiне арналған баспасөз мәслихатында белгiлi болды.

Журналистерiнiң сұрағына жауап берген "Астана" футбол клубының баспасөз хатшысы Марат Жұмабаевтың айтуынша, матч билеттерiне қатысты қосымша ақпарат  команданың ресми сайты мен әлеуметтiк желiлердегi жеке парақшасында жарияланады.

"Бiз қазiр жанкүйерлерге барынша ыңғайлы болатын жолдарды қарастырып жатырмыз. Мүмкiн, электронды сатылымды iске қосармыз. Сонымен қатар, билеттердi сату пунктерiн көбейтемiз.  Қосымша ақпарат жақын күндерi жария болады", - дедi М.Жұмабаев.

Естерiңiзге сала кетейiк, "Астана" футбол клубы Қазақстанның футбол тарихында УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңiне өткен алғашқы команда. Ендi елорданың футбол клубы С тобында "Бенфика" (Лиссабон, Португалия, "Ателтико" (Мадрид, Испания) және "Галатсарай" (Ыстамбұл, Түркия) командаларына қарсы ойын көрсетедi. Бұл квартетте "Астана"алғашқы ойынын 15 қыркүйекте Португалияда "Бенфика" командасына қарсы ойнайды. Ал 30 қыркүйек күнi "Астана" өз алаңында "Галатсарай" командасына ойнайды

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!