Саян Хамитжанов "Астана" футбол клубының аз уақыттағы жетiстiгiне себеп төрт факторды атады

Фотография - Саян Хамитжанов "Астана" футбол клубының аз уақыттағы жетiстiгiне себеп төрт факторды атады

"Астана" футбол клубының УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңiне өтуiне байланысты ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында клубтың президентi Саян Хамитжанов жас футбол клубының жетiстiктерiне себеп бiрнеше факторды атады.

377 0

"Астана" футбол клубының УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңiне өтуiне байланысты ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында клубтың президентi Саян Хамитжанов жас футбол клубының жетiстiктерiне себеп бiрнеше факторды атады.

"Астана" ФК жеңiсiнiң сыры неде десек, бiрқатар факторларды атап өтуге болады. Бiрiншi фактор - футбол клубының кураторлары - елорда әкiмi, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басшылығы бұл спорт түрiне көп көңiл бөледi. Екiншi фактор - команданың бас бапкері Станимир Стойловтың еңбегi. Бұл кiсi жоғары класты жаттықтырушы, өз iсiнiң нағыз шеберi, күнi-түнi тек футболды ғана ойлайды. Соңғы екi жыл бойы екi маусым iшiнде бас бапкер команданың ойнау тәсiлiн, футболшылардың психологиясын түбегейлi өзгерттi. Үшiншi фактор - ол бiздiң ойыншыларымыздың еңбегi. Мен үшiн командамыздың әр ойыншысы Қазақстандағы ең мықты ойыншы.   Төртiншi фактор - клубтың әкiмшiлiк штабының жұмысы. Алаңға шығатын команданың артында тағы жүздеген адам "көзге көрiнбейтiн" жұмыс атқарып отыр. Мiне, "Астана" командасының аз уақыттағы жетiстiгiнiң сыры осы. Тағы бiр фактор бар - менiң ойымша, команданың президентi де жаман жұмыс iстемейтiн сияқты",-деп қалжыңдады С.Хамитжанов.

Естерiңiзге сала кетейiк, "Астана" - елорданың кәсiби футбол клубы. 2009 жылы негiзi қаланған клуб президенттiк кәсiби спорт клубының құрамындағы команда. 2014 жылғы Қазақстан чемпионы.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!