Ларри Мерчант: "Мэйуэзер Головкиннен қорқады"

Фотография - Ларри Мерчант: "Мэйуэзер Головкиннен қорқады"

Америкалық бокс сарапшысы Ларри Мерчант кіші Флойд Мэйуэзерді (48-0, 26 КО) өзінің кезекті қарсыласы ретінде Андре Бертоны (30-3, 23 КО) таңдаған үшін сынағандардың қатарында.

271 0

Америкалық бокс сарапшысы Ларри Мерчант кіші Флойд Мэйуэзерді  (48-0, 26 КО) өзінің кезекті қарсыласы ретінде Андре Бертоны (30-3, 23 КО)  таңдаған үшін сынағандардың қатарында.  Мерчанттың пікірінше, жартылай орта салмақта Бертоға қарағанда, мықтырақ боксшылар бар. Негізінен, Мэйуэзер Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы тиіс.

"Не болып жатқанын өзім де түсінбеймін. Бұл айқасты не үшін көруіміз қажет? Берто соңғы алты айқасының үшеуінде жеңілді. Одан мықты да қарсыластар бар. Бокстың жанкүйерлері неге бұлай болғанын түсінбей дал", -деп Мерчанттың сөзін келтірді TMZ.

 «Мэйуэзердің Головкинге қарсы айқасы қызықтырақ болар еді. Бірақ ол Головкиннен қорқады, сосын да одан қашқақтайды.  Алайда, одан басқа да оған барынша кедергі келтіре алатын жас орта салмақтағы боксшылар жетерлік», - деді ол.

Айта кетейік, Мэйуэзер-Берто жекпе-жегі ЛасВегаста (АҚШ) осы сенбіде өтеді, деп жазады sports.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!