Қазақстан жасөспірімдер құрамасы дайындықты бастады

Фотография - Қазақстан жасөспірімдер құрамасы дайындықты бастады

Бүгін 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын бастады

314 0

Бүгін 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын бастады.  

Ұлттық құраманың базасында аға жаттықтырушы Ойрат Сәдуовтің шәкірттері 9-15 қыркүйек аралығында жаттығу жүргізеді. 12 қыркүйек күні Қырғызстан жасөспірімдер құрамасымен жолдастық матч өткізеді. 16 қыркүйек күні футболшылар Хорватияға жол тартады. Ол жақта Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің матчтары өтеді. Қазақстандық футболшылардың қарсыластары - Венгрия, Хорватия және Черногория құрамалары.

Жаттықтырушылар штабы оқу-жаттығу жиынына келесі футболшыларды шақырды:

Қақпашылар: Олег Грубов ("Қайрат"), Егор Цуприков ("Болат"), Бекжан Тоқтарбай («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Виктор Зябко ("Оқжетпес"), Рүстем Әбдіразақов ("Бәйтерек"), Руслан Әлімбаев ("Шахтер"), Айбар Темірбаев ("Ақтөбе"), Валерий Леньков ("Ертіс"), Мейіржан Кәмбіл ("Бәйтерек"), Болат Тыныбек ("Бәйтерек");

Жартылай қорғаушылар: Максим Котов ("Қайрат"), Рашид Люхай ("Қайрат"), Максим Гладченко ("Бәйтерек"), Ардақ Сәулет ("Астана"), Александр Стародубов ("Қайрат»), Айболат Макуов ("Атырау"), Демият Сламбеков ("Бәйтерек"), Геворг Наджарян (ЦСКА, Ресей);

Шабуылшылар: Виктор Пронь ("Астана"), Оралхан Өміртаев ("Шахтер"), Арман Смайылов ("Ертіс"), Владислав Васильев ("Шахтер"), Мәдижан Айтпаев ("Бәйтерек")

Жаттықтырушылар штабы: Ойрат Сәдуов – аға жаттықтырушы, Қайрат Әубәкіров – жаттықтырушының көмекшісі, Александр Ильченко – дәрігер, Игорь Кулиш – қақпашылардың жаттықтырушысы, Александр Шапкин – массажшы, Максим Шауберт – әкімші, Александр Брейткрейц – менеджер


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!