Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі қыздар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында көш бастауда

Фотография - Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі қыздар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында көш бастауда

Қазақстандық Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі қыздар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында сенімді көш бастауда

478 0

Қазақстандық Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі қыздар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында сенімді көш бастауда, деп хабарлады Vesti.kz.

РФ Ханты-Мансийскіде өтіп жатқан әлем біріншілігіндегі жеті турдан кейін Жансая  жеті ұпаймен турнир кестесінің басында келеді. Әбдімәлік басым түскен соңғы шахматшы - азербайжандық Гунай Маммадзаде. Осы жеңісінен кейін отандық шахматшы басқа көшбасшылардан едәуір озып кетті. Оның соңынан алға шыққандар ішінде  Қазақстанның тағы бір шахматшысы - Динара Сәдуақасова келе жатқанын атап өткен жөн. Ол аралық нәтиже бойынша бес жарым ұпаймен үшінші орында.

Турнирге 40 елден 106 үздік шахматшылар қатысып жатыр.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!