Я.Шведова жұптық сында US Open турнирінің жартылай финалына шықты

Фотография - Я.Шведова жұптық сында US Open турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова австралиялық Кэйси Деллакуамен бірге жұптық сында US Open турнирінің жартылай финалына шықты

320 0

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова австралиялық Кэйси Деллакуамен бірге жұптық сында US Open турнирінің жартылай финалына шықты. 

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Я.Шведова мен К.Деллакуа ширек финалда ресейлік Анастасия Павлюченкова мен Алла Кудрявцеваны 6:2, 2:6, 6:3 есебімен үш партияда ұтты.

Жартылай финалда қазақстандық пен австралиялық теннисші неміс Анна-Лена Гренефельд және американдық Коко Вандевегемен кездеседі.

Айта кетейік, биыл әйелдер арасындағы жекелей сында итальяндық қыздар табысты өнер көрсетуде. Дүниежүзілік рейтингте 43-інші орында тұрған 32 жасар Роберта Винчи жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы, американдық, 34 жасқа толғалы отырған Серена Уильямстың өзімен шеберлік байқасады. Тағы бір итальяндық, дүниежүзілік сатыда 26-ыншы орында тұрған 33 жасар Флавия Пеннетта әлемнің екінші ракеткасы, румыниялық, осы айда 24 жасқа толатын Симона Халеппен кортқа шығады. Бұл жасы отыздан асып кеткен теннисшілердің де бабы мен бағы келіссе, сәтті ойнай алатынын көрсетеді.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!