Рүстем Сыбай Азия чемпионы атанды

Фотография -  Рүстем Сыбай Азия чемпионы атанды

Қазақстандық ауыр атлет Рүстем Сыбай Тайландтағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды

268 0

Қазақстандық ауыр атлет Рүстем Сыбай Тайландтағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп жазды sports.kz.

Екі дүркін олимпиада чемпионы Ильи Ильиннің шәкірті - Рүстем Сыбай қоссайыста 383 (167+216) келіні көтеріп, 94 килограмм салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Екінші орынға оңтүстіккореялық Джунг Хен Сеоп ие болды. Ол 376 килограммды көтерді. Ал ирандық Хашеми Али үздік үштікті тұйықтады.

Енді Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын бар. Осыған дейін Айдар Қазов пен Ермек Өміртай чемпион атанған. Фаина Сиванбаева, Асем Садықова мен Майра Файзуллаева ел қоржынын үш қола медальмен толықтырды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!