"Барыс" алғаш рет өз алаңында "Ақ барыстан" басым түсті

Фотография - "Барыс" алғаш рет өз алаңында "Ақ барыстан" басым түсті

Хоккейден Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген Астананың "Барысы" өз алаңында алғаш рет Қазанның "Ақ барысын" жеңді. Елордада өткен ойын 3:1 есебімен аяқталды

166 0

Хоккейден Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген Астананың "Барысы" өз алаңында алғаш рет Қазанның "Ақ барысын" жеңді. Елордада өткен ойын 3:1 есебімен аяқталды. 

Матч бастала салысымен Ерлан Сағымбаев шәкірттері айдындағы басымдықты өз қолдарына алған. Ойынның жетінші минутында Роман Старченко Рымарев берген пасты ұтымды пайдаланып есепті ашса, 13 минутта қазандық клуб есепті теңестіре алды, гол авторы - Михаил Варнаков.

Қалған екі кезеңде "Барыс" ойыншылары бір-бір шайбадан соғып, қарсыластарына мүмкіндік қалдырған жоқ. Алдымен 26 минутта Брэндон Боченски көзге түссе, араға жиырма минут салып Старченкодан пас алған Евгений Рымарев есепті 3:1-ге жеткізді.

Осылайша, 8 маусым бойы өз алаңында Қазанның "Ақ барысын" жеңе алмай келген астаналық хоккейшілер бұл үрдісті бұза білді. Сегіз ойында үш рет жеңіске жетіп, 10 ұпайды еншілеген "Барыс" қазір турнир кестесінің сегізінші сатысында. 

 

baq.kz

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!