"Астана" чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнайтын отыз екінші елдің өкілі

Фотография - "Астана" чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнайтын отыз екінші елдің өкілі

Елордалық "Астана" клубының жетістігі Қазақстанды осы мәртебелі турнирдің топтық кезеңінде ойнаған 32 елдің қатарына қосып отыр.

260 0

Елордалық "Астана" клубының жетістігі Қазақстанды осы мәртебелі турнирдің топтық кезеңінде ойнаған 32 елдің қатарына қосып отыр.


Астанаға дейін қарт құрлықтың футболдан ең беделді турнирінің топтық кезеңінде Англия, Австрия, Беларусь, Бельгия, Болгария, Венгрия, Германия, Грекия, Дания, Израиль, Испания, Италия, Кипр, Голландия, Норвегия, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Сербия, Словения, Словакия, Түркия, Украина, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция және Шотландия сияқты елдердің өкілдері ойнаған болатын. 


Өз кезегінде Әзірбайжан, Албания, Андорра, Армения, Босния және Герцеговина, Македония, Гибралтар, Грузия, Ирландия, Исландия, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Мальта, Молдова, Сан-Марино, Солтүстік Ирландия, Уэльс, Фарер аралдары, Черногория және  Эстония сияқты елдерге әзірге бұл бақыт бұйырмай тұр.


Естеріңізге салсақ, елордалық «Астана» плей офф кезеңінде кипрлік АПОЭЛ командасын жеңіп қазақстандық командалар арасында тұңғыш болып чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өткен болатын.Ал топтық кезеңде қазақстандық команда түркиялық "Галатасарай",испаниялық "Атлетико" және португалиялық "Бенфика" клубтарымен бір топта ойнайтын болады.
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!