Артас Сана еркін күрестен алғашқы Олимпиада лицензиясын ел қоржынына салды

Фотография - Артас Сана еркін күрестен алғашқы Олимпиада лицензиясын ел қоржынына салды

Сана 57 келі салмақ дәрежесіндегі спортшылар бестігіне кіріп, 2016 жылғы Олимпиадаға жолдаманы ел қоржынына салды.

339 0

Қазақстандық балуан Артас Сана Лас-Вегастағы әлем чемпионатында еркін күрестен Олимпиада лицензиясын иеленді. Ол болгар спортшысы Вангеловпен кездесуінде 7:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарланды Грек-рим, әйелдер және еркін күрес федерациясының ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.

Осылайша, Сана 57 келі салмақ дәрежесіндегі спортшылар бестігіне кіріп, 2016 жылғы Олимпиадаға жолдаманы ел қоржынына салды.

Артас Сана еркін күресте жүлделі медаль үшін күрескен жалғыз қазақстандық спортшы болды.

Әлем чемпионатында үшінші орын үшін күресте 57 келі салмақ дәрежесінде Сана моңғол спортшысы Бекбаяр Ерденабаттан 1:5 есебімен ұтылды.

Еске сала кетейік, бұл салмақтағы үздіктер бестігіне кірген Артас Сана Қазақстан үшін Рио-де-Жанейродағы ойындарға бірінші және жалғыз жолдаманы жеңіп алды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!