Новак Джокович АҚШ ашық біріншілігін екінші рет жеңіп алды

Фотография - Новак Джокович АҚШ ашық біріншілігін екінші рет жеңіп алды

Әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович Нью-Йоркте өткен АҚШ-тың ашық біріншілігінде жеңіске жетті

180 0

Әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович Нью-Йоркте өткен АҚШ-тың ашық біріншілігінде жеңіске жетті. Финалда серб теннисшісі Роджер Федерерді 4 сетте тізе бүктірді, есеп 6:4, 5:7, 6:4, 6:4.

Кездесу 3 сағат 20 минутқа созылды. Джокович үшін бұл оныншы "үлкен дулыға" турнирлеріндегі жеңісі. Ал, Us Open кубогін ол екінші рет иемденіп отыр. Алғашқы жеңісіне 2011 жылы жеткен болатын, деп хабарлайды baq.kz.

Айта кетейік, мұның алдындағы Уимблдон турнирінің финалында да қос теннисші кездесіп, ол кезде де Джокович жеңіске жеткен болатын. Екеуі кортта 42 рет кездескен, қазір таразы басы 21:21 болып теңесті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!