Сара Таканаши Алматыда шаңғымен тұғырдан секіруден өткен Әлем Кубогының жеңімпазы атанды

Фотография - Сара Таканаши Алматыда шаңғымен тұғырдан секіруден өткен Әлем Кубогының жеңімпазы атанды

Алматыда Халықаралық "Сұңқар" шаңғы трамплиндері кешенінде ерлер мен әйелдер арасында шаңғымен тұғырдан секіру бойынша Әлем Кубогының FIS Grand Prix атты жетінші және сегізінші Жазғы кезеңі аяқталды

225 0

Алматыда Халықаралық "Сұңқар" шаңғы трамплиндері кешенінде ерлер мен әйелдер арасында шаңғымен тұғырдан секіру бойынша Әлем Кубогының FIS Grand Prix атты жетінші және сегізінші Жазғы кезеңі аяқталды.

Әйелдер арасында өткен жарыста 19 жастағы жапон қызы Сара Таканаши екі кезеңнің де жеңімпазы атанды.

Ол өткен жылы да Алматыда өткен бәсекеде жеңімпаз атанған болатын.

Сараның отандасы Юки Ито жетінші кезеңде үшінші орын алды. Бірақ сегізінші кезеңде күміс медальге қол жеткізді. Алғашқы жетінші кезеңде екінші орынға тұңғыш рет АҚШ-тан келген спортшы Нита Энглунд көтерілді. Бірақ, өкінішке қарай, соңғы сегізінші кезеңде ол бары-жоғы бесінші орынды қанағат тұтты. Ал сегізінші кезеңде қола медаль австриялық шаңғышы Жаклин Зейфрейдсбергерге бұйырды.

Айта кетсек, сегізінші кезеңде жаңбыр жауудың салдарынан спортшылар өз әлеуеттерін толық көрсете алмады.

Биыл әйелдер арасында өткен бәсекелерге Қазақстанның атынан бірде-бір  спортшы қатысқан жоқ. Бірақ ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы жылғы Жазғы кезеңге тұңғыш рет, енді ғана көзге түсе бастаған қазақстандық жас шаңғышы Валентина Сдержикова қатысады. Оның жасы биыл 14-те. 

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!