Астанада теннистен халықаралық турнир басталды

Фотография - Астанада теннистен халықаралық турнир басталды

Турнирде 10 жасқа дейінгі 60 астам және 14 жасқа дейінгі 60-қа жуық адам қатысты

150 0

Елордада теннистен Astana Gold 16& Under және Masters 10& Under халықаралық турнирі басталды деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Жарысты ҚР Теннис федерациясы ұйымдастыруда. Жарыс 11–14 жас және 9–10 жас аралығындағы балалар арасында екі кезеңмен өтті. Турнирде 10 жасқа дейінгі 60 астам және 14 жасқа дейінгі 60-қа жуық адам қатысты.

Чемпионат "Дәулет" спорт комбинатында апта соңына дейін жалғасады. Спорттық кешенге жарысты тамашалауы үшін 50 жуық адам жиналды. Ойын барысында ата-аналар мен жаттықтырушылар өз тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетіп отырды.

Халықаралық турнирдің жабылуы 20 қыркүйекте өтеді. Осы күні чемпионаттың марапаттау рәсімі ұйымдастырылады. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!