З.Дияс Токио турнирінің екінші айналымына шықты

Фотография - З.Дияс Токио турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс бүгін Токио турнирінің алғашқы айналымында голландиялық, әлемдік рейтингте 93-інші орында тұрған Кики Бертенспен күш сынасты

152 0

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс бүгін Токио турнирінің алғашқы айналымында голландиялық, әлемдік рейтингте 93-інші орында тұрған Кики Бертенспен күш сынасты, деп жазды ҚазАқпарат.

Бірінші партияда Зарина үш брейкке қол жеткізсе, Кики екеумен шектелді. Сөйтіп З.Дияс мұнда 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші партияны қазақстандық теннисші сәтті бастап, 3:0 есебімен алға шыққанымен, көп ұзамай К.Бертенс таразы басын теңестірді. Дегенмен бұл партияны да Зарина 6:4 есебімен өз пайдасына аяқтай білді. Енді ол екінші айналымда америкалық Лорен Дэвисті ұтқан Польша елінің өкілі, әлемнің 84-інші ракеткасы Магда Линетпен кездеседі.

Айта кетейік, Зарина кеше жаңартылған әлемдік рейтингте бірден сегіз сатыға төмендеп, 35-інші орыннан 43-іншіге түсіп қалған болатын. З.Дияс Токио турнирінде жұптық сында да өнер көрсетуде. Америкалық Николь Меличармен бірінші айналымнан өткен Зарина енді Чань Хао - Чин Чань Ю немесе К.Датэ-Крумм - Я.Гайдошова жұбының қай жеңгенімен кортқа шығады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!