Футзалдан Қазақстан құрамасы Боснияны жеңді

Фотография - Футзалдан Қазақстан құрамасы Боснияны жеңді

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу аясындағы плей-офф матчының алғашқы кездесуін сәтті өткізді

336 0

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу аясындағы плей-офф матчының алғашқы кездесуін сәтті өткізді. Сырт алаңда Босния және Герцеговина құрамасын кездескен Какау шәкірттері 5:0 есебімен жеңіске жетті. 

Келесі жылы Сербияда кәрі құрлықтың 16 құрамасы қатысатын Еуропа біріншілігі өтеді. Қазақстан осы додаға қатысуға тағы бір қадам жасады, деп жазды baq.kz.

Көктемде Қазақстанның қатысуымен Румыния жерінде алғаш іріктеу ойындары өткен болатын. Ол кезде біздің алаң иелерінен бөлек, Португалия мен Грузия болды.

Какау жаттықтыратын ұлттық құрама сол кезде Румынияға 4:6 есебімен жол бергенімен, соңғы екі ойында өз пайдаларына шешті. Әсіресе әлем чемпионатының қола жүлдегері Португалия құрамасын 3:1есебімен ұтулары сенсация болған еді. Бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша топтан бірінші орынмен шыққан Португалия футболшылары Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алса, Қазақстан қосымша ойын өткізуге мүмкіндік берілген еді.

Жеребе бойынша Босния және Герцеговина қарсылас атанды. БАс бапкер алғашқы бестікке Игита, Лео, Даурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенамановғ Діңмұхамбет Сүлейменовті шығарды. Сондай-ақ Серік Жаманқұлов пен Михаил Першин әріптестерін ауыстырып, ойынға жиі кіріп тұрды.

Бірінші таймда Дәурен Нұрғожин мен Серік Жаманқұлов көзге түссе, екінші кезеңде Дуглас дубль жасады. Сондай-ақ бір голды Лео өз атына жазды.

Осылайша бас бапкер Какаудың 44 жасқа толған туған күніне керемет сыйлық жасады. Енді қарымта ойынша 22 қыркүйек күні Алматыда өтеді.

Босния және Герцеговина – Қазақстан – 0:5

Голдар: Нұргожин, 5 (0:1). Жаманқұлов, 15 (0:2). Дуглас, 25 (0:3). Дуглас, 32 (0:4), Лео 39 (0:5).

Босния және Герцеговина: Омербегович, Галич Д.Новоселац (к), Беванда, Кахведжич, Радмилович, Матан, Иванкович, Аладжич, Иконич, Иванкович, Шуньич, Юсич, Бошкович.

Қазақстан: Игита, Шамро, Лео, Есенаманов, Дуглас, Нургожин, Гребонос, Сүлейменов (к), Першин, К.Чеботарев, Жаманқұлов, Пенгрин, Довгань, Таку.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!