Павлодарлық тұлпар Мәскеу ипподромында топ жарып, 1,5 миллион рубль ұтып алды (ВИДЕО)

Фотография - Павлодарлық тұлпар Мәскеу ипподромында топ жарып, 1,5 миллион рубль ұтып алды (ВИДЕО)

Павлодарлық Пресанелла есімді тұлпары Ресей Федерациясы Президентінің ХІІ «Приз города - героя Москвы» халықаралық бәйгесінде топ жарды

330 0

Павлодарлық Пресанелла есімді тұлпары Ресей Федерациясы Президентінің ХІІ «Приз города - героя Москвы» халықаралық бәйгесінде топ жарды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Ардақ Торсықбаев хабарлады.

"Атбегі Еділ Құсайынов шапқан Пресанелла Мәскеу ипподромында сынға түскен он тұлпардың ішінде бірінші болып келді", - дейді А. Торсықбаев. Жарыс ережесі бойынша, бәйгеге қатысатын сәйгүліктің жасы төрттен асқан болу керек. Мәскеуде өткен бәйгенің жүлде қоры 3 миллион рубльді құрады. Пресанелла тұлпары - таза қанды ағылшын жануары. Ат бапкері - Петр Карабельников. Сәйгүлік Ирландиядан әкелінген. Айта кетерлігі, былтыр аталмыш жарыста қазақстандықтар бәйгенің бас жүлдесін қанжығаларына байлаған. Осы жолы еліміздің абыройын асқақтатқан Бремен сәйгүлігі болатын. Ал облыстағы "ҚазАт" ат спорты клубының қызметкері Елена Горбаечваның айтуынша, жеңімпаздар 17 қыркүйек күні Павлодар қаласына оралады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!