Қарағандылық төрт кикбоксшы әлем чемпионатына жолдама алды

Фотография - Қарағандылық төрт кикбоксшы әлем чемпионатына жолдама алды

Қарағандылық спортшылар Петропавлда ең мықты кикбоксшылар арасында өткен республикалық жарыста табысты шықты, деп хабарлады облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

244 0

Қарағандылық спортшылар Петропавлда ең мықты кикбоксшылар арасында өткен республикалық жарыста табысты шықты, деп хабарлады облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

"Жарысқа 14 команда, 80 спортшы қатысты. Қарағанды облысының атынан 9 кикбоксшы шықты. Жарыс қорытындылары бойынша құрамына қарағандылық Руслан Баязитов, Екатерина Братухина, Марина Ни және Тамара Темірбаева кірген Қазақстан ұлттық құрамасы қалыптасты", - делінген хабарламада.

Жарыс жеңімпаздарын Біржан Жахин жаттықтырып отыр.

"Жалпы алғанда қарағандылықтар ең мықты кикбоксшылар жарысында барлығы 7 медаль: 3 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдені жеңіп алған", - делінген спорт басқармасының хабарламасында. 
кикбоксеров



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!