Паратаеквондодан әлем чемпионатында Қазақстан намысын 5 спортшы қорғайды

Фотография - Паратаеквондодан әлем чемпионатында Қазақстан намысын 5 спортшы қорғайды

Бүгін Түркияның Самсун қаласында паратаеквондодан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлады "Қазақстан таеквондо (WTF) федерациясы" ҚБ баспасөз қызметінен

111 0

Бүгін Түркияның Самсун қаласында паратаеквондодан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлады "Қазақстан таеквондо (WTF) федерациясы" ҚБ баспасөз қызметінен.

Қазақстан ұлттық құрамасы Түркия еліне бас жаттықтырушы Талғат Нұрбаевтың жетекшілігімен аттанды. Ел намысын 5 саңлақ қорғайды. Олардың арасында әлем чемпионы, үздік паратаеквондошыларының бірі, қандасымыз Өмірәлі Нышан бар.

Айта кетейік, байрақты бәсеке 1 күнге созылады. Яғни, бүгін кешке әлем үздіктерінің есімдері белгілі болмақ. Паратаеквондо тарихында тұңғыш рет біріншілікке G8 дәрежесі беріліп отыр. Оның үстіне биыл бұл спорт түрі 2020 жылы Токио қаласында өтетін Паралимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді.

Паратаеквондодан әлем чемпионаты 2009 жылдан бастап өткізіліп келеді. Жыл сайын жарыс беделі мен қатысушылар саны артуда. Алдын ала болжам бойынша қазірдің өзінде  50-ден астам елден келген қатысушылар саны 200-ден асқан. 

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!