Жансая Әбдімәлік Әлем чемпионатында қола медаль алды

Фотография - Жансая Әбдімәлік Әлем чемпионатында қола медаль алды

Ресейдің Ханты-Мансы қаласында шахматтан 20 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионаты аяқталды.

216 0

Ресейдің Ханты-Мансы қаласында шахматтан 20 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионаты аяқталды.

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік бұл жарыста қола медаль иеленді. Ал Динара Садуақасова төртінші орын алды. Алтын медальді украиналық Наталья Букса, күмісті ресейлік Алина Бивол алды.

Жарыстың сегізінші турына дейін Жансая Әбдімәлік бірінші орында тұрған. Соңғы турларда ол ресейлік Алина Биволдан, ирандық Дорса Дерахшаниден жеңіліп, ресейлік ​Александра Макаренко​мен тең түсіп, үшінші орынға төмендеді.

Қазақстандық тағы бір шахматшы Бибісара Асаубаева 24-орын алды.

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!