Өмірәлі Нышан паратаеквондодан әлем чемпионатында күміс олжалады

Фотография - Өмірәлі Нышан паратаеквондодан әлем чемпионатында күміс олжалады

Өкінішке орай қандасымыз былтырғы жылғы жетістігін қайталай алған жоқ

130 0

Өмірәлі Нышан паратаеквондодан әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Қазақстандық таеквондо (WTF) федерациясы ҚБ баспасөз қызметі.

Өкінішке орай қандасымыз былтырғы жылғы жетістігін қайталай алған жоқ. Дегенмен де нәтиже жаман емес. К42 +75 келі салмақ дәрежесінде соңғы жылдардағы қазақтан шыққан үздік саңлағымыз жартылай финалда жергілікті халық үміт артқан Иылдыз Угурдан басым түсті. Финалда Өмірәліге қарсы әлем рейтингінде бірінші орында тұрған Әзербайжан өкілі Александр Полищук шықты. Бұл теке-тірес бүкіл жарыстың ең тартысты жекпе-жектерінің біріне айналып, қандасымыз негізгі қарсыластарының біріне жол беріп қойды.

Осылайша Өмірәлі Нышан соңғы екі жылда өткен әлем біріншілігінде екі рет көзге түсіп отыр. Былтыр қандасымыз дәл осы салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған болатын. Бұл жолы Өмірәлі күміс жүлдеге қанағат тұтты.

Өкінішке орай, ел намысын қорғаған ұлттық құраманың қалған 4 саңлағы, Бас бапкер Талғат Нұрбаевты қуанта алмады.

Паратаеквондодан 6-шы әлем чемпионаты 17 қыркүйек күні Түркияның Самсун қаласында өткен болатын. Тұңғыш рет біріншілікке G8 дәрежесі беріліп отыр. Биыл бұл спорт түрі 2020 жылы Токио қаласында өтетін Паралимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілгенін айта кету керек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!