Тәуелсіздік жылдарында "Динамо" спорт қоғамының саңлақтары 46 рет Олимпиада медалін иеленген

Фотография - Тәуелсіздік жылдарында "Динамо" спорт қоғамының саңлақтары 46 рет Олимпиада медалін иеленген

ҚР "Динамо" дене шынықтыру және спорт қоғамының 90 жылдық мерейтойына арналған бүгінгі кеңеске алыс және жақын 17 елден "Динамо" қоғамының арнайы өкілдері келді.

394 0

Қазақстандағы "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамы - отандық спорттың қозғаушы күші. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен "Динамо" ұйымдарының Халықаралық үйлестіру кеңесі барысында ҚР Ішкі істер министрі, "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамы" қоғамдық ұйымының төрағасы Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді.

"Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының тарихы республикамыздың тарихымен біте қайнасып жатыр. Бүгінде динамолық спортшыларды отандық дене шынықтыру, спорт және олимпиадалық қозғалыстың көшбасшылары деуге болады.  "Динамо" спорт қоғамы - республика көлемінде бокс, нысана көздеу, самбо, коньки, шаңғы, футбол және волейбол сынды спорт түрлерінің дамуына ұйытқы болған ұйым. Ал динамолық жаттықтырушылар жаттығу өткізудің бірегей әдістемелерін жасады. Өзінің көп жылдық тарихында "Динамо" қоғамы отан қорғаушылардың, талантты спортшылардың талай ұрпағын тәрбиелеп шығарды. Ал бүгінде "Динамо" қозғалысы - бұл жаңа жеңістерге, жаңа рекордтарға бағытталған алып күш. Алдағы жаңа онжылдықта "Динамо" қоғалысы Қазақстан мен "Динамо" туының астында жаңа үлкен жеңістерге қол жеткізеді деген сенімдемін", - деді Қ. Қасымов.

Айта кетелік,  ҚР "Динамо" дене шынықтыру және спорт қоғамының 90 жылдық мерейтойына арналған бүгінгі кеңеске алыс және жақын 17 елден "Динамо" қоғамының арнайы өкілдері келді.

Кеңес барысында "Динамо" қоғамындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Айта кетелік, Қазақ КСР-і кезінде 23 динамолық спортшы Олимпиада чемпионы мен жүлдегері атанған. Ал Тәуелсіздік жылдарында "Динамо" спорт қоғамының саңлақтары 46 рет Олимпиада медалін иеленді. Олардың ішінде 13 алтын, 15 күміс және 18 қола медаль бар. Динамошылар тәуелсіздік жылдарында 96 мәрте әлем чемпионатының тұғырына көтеріліп, 31 алтын, 22 күміс және 43 медаль иеленді.

Бүгінгі таңда елімізде "Динамо" спорт қоғамының 18 филиалы жұмыс істейді. Олардың он төрті - облыстық, төртеуі - қалалық филиалдар. Сондай-ақ, республикамызда "Динамо" спорт қоғамының 100 мыңға жуық мүшесі бар. Мұнда 35 спорт түрі қарқынды дамыса, оның 28-і Олимпиадалық спорт түрлеріне жатады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!