Дәурен Елеусінов америкалық қарсыласын нокаутқа түсірді

Фотография - Дәурен Елеусінов америкалық қарсыласын нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов кәсіби рингте төртінші жеңісіне қол жеткізді, оның үшеуі нокаут

199 0

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов кәсіби рингте төртінші жеңісіне қол жеткізді, оның үшеуі нокаут, деп хабарлады Vesti.kz. 

Нью-Джерсиде супер орта салмақта шаршы алаңға шыққан қазақстандық Техас өкілі Джастин Уилтямспен кездесті. Төреші екінші раундта ойынды тоқтатуға мәжбүр болды. Елеусінов қарсыласын екінші раундтың 57-ші секундында нокаутқа түсіріп, айқасты жеңіспен аяқтады.

Америкалықтың еншісінде 17 жекпе-жек, 4 жеңіс, 11 жеңіліс, 2 тең ойын бар. Елеусіновте 4 жекпек-жек, төрт жеңіс. Оның үшеуі - нокаут!

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!