"ПСЖ" Роналдуды сатып алу үшін 340 млн еуро беруге дайын

Фотография - "ПСЖ" Роналдуды сатып алу үшін 340 млн еуро беруге дайын

Францияның "ПСЖ" футбол клубының басшылары мадридтік "Реалдың" шабуылшысы португалдық Криштиану Роналдуды сатып алу үшін 340 млн еуро төлеуге дайын екенін мәлімдеді

201 0

 

Францияның "ПСЖ" футбол клубының басшылары мадридтік "Реалдың" шабуылшысы португалдық Криштиану Роналдуды сатып алу үшін 340 млн еуро төлеуге дайын екенін мәлімдеді, деп жазды baq.kz.

Sunday Express басылымының хабарлауынша, алдағы трансфер уақытында париждік клуб басшылары Роналдуды сатып алу үшін қолдарынан келгенін жасамақ.

Футбол тарихында бұған дейін мұншама үлкен сомада трансфер жасалмаған. Қазіргі таңда әлемдегі ең қымбат футболшы мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы - Гаррет Бэйл, оны корольдік клуб 100 млн еуроға сатып алған болатын.

"Реал" басшылары Роналдуды сатуға келіссе, 340 миллион еуроның 150 миллионы клубтың өзіне төленеді. Ал, португалдық шабуылшы болса жыл сайын шамамен 20 миллион еуро жалақы алатын болады.

Айта кету керек, жазда "Реал" президенті Роналдуды тек 1 млрд еуроға ғана сататынын мәлімдеген болатын. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!