Роберт Левандовски ең жылдам пента-триктің авторы атанды (Бейне)

Фотография - Роберт Левандовски ең жылдам пента-триктің авторы атанды (Бейне)

Германия чемпионатының кезекті турында Мюнхеннің "Бавария" клубының шабуылшысы Роберт Левандовски» "Вольфсбург" қақпашысына 9 минутта 5 гол соқты.

239 0

Германия чемпионатының кезекті турында Мюнхеннің "Бавария" клубының шабуылшысы Роберт Левандовски» "Вольфсбург" қақпашысына 9 минутта 5 гол соқты. Жалпы есеп 5:1 есебімен "Баварияның" жеңісімен аяқталды.

Былтырғы біріншіліктің алтын және күміс жүлдегері алтыншы турда кездесті. Бірінші таймда Даниэль Калиджури мергендігімен көзге түсіп, "Вольфсбургті" алға шығарды.

Ал үзілістен кейін "Бавария" қайратына мініп, қарсылас қақпасына бес гол соқты. Бұл бес голдың да авторы – Роберт Левандовски". Польшалық шабуылшы 51, 52, 55, 57,60 минуттарда голдарды бірінен соң бірін топтырлатты. Нәтижесінде Бундеслига тарихындағы ең жылдам хет-трик, покер,пента-триктің авторы атанды.

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!