Холифилдтің соққысы Головкиндікінен әлдеқайда жеңіл

Фотография - Холифилдтің соққысы Головкиндікінен әлдеқайда жеңіл

Ауыр салмақтағы америкалық кәсіпқой боксшы Эвандер Холифилдтің соққысы қазақстандық Геннадий Головкиннің соққысынан әлдеқайда жеңіл тартты.

181 0

Ауыр салмақтағы америкалық кәсіпқой боксшы Эвандер Холифилдтің соққысы қазақстандық Геннадий Головкиннің соққысынан әлдеқайда жеңіл тартты.

Холифилд арнайы автоматта соққысын алғаш өлшегенде 756, екінші ретінде бар-жоғы 600 келіні көрсеткен. Естеріңізде болса, Головкин мен Котто белгілі ESPN телеарнасында сұхбат беру барысында өз соққыларын өлшеген болатын. Головкиннің соққысы 776 келі, ал Коттонікі 774 тартқан еді.

Айта кету керек, 52 жастағы Холифилд кәсіпқой карьерасындағы соңғы жекпе-жегін 2011 жылдың 7 мамырында даниялық Брайан Нильсенге қарсы өткізген. Жалпы, шаршы алаңда 57 кездесу өткізген америкалық боксшы 44-інде жеңіске жеткен (29 КО), 10 қарсыласына жол берген және 2 жекпе-жегін тең аяқтаған.

 

Bnews.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!