Неймарға алаяқтық жасады деген айып тағылды

Фотография - Неймарға алаяқтық жасады деген айып тағылды

Бразилиялық сот осы елдің танымал футболшысы Неймардың 48 млн. доллар активін бұғаттап тастады. Оған $16 млн. салықтан жалтарды деген айып тағылды

249 0

Бразилиялық сот осы елдің танымал футболшысы Неймардың 48 млн. доллар активін бұғаттап тастады. Оған $16 млн. салықтан жалтарды деген айып тағылды, деп жазады Би-би-си.

Судьяның айтуынша Неймар 2013 жылы өзінің жарнамалық келісімдер мен Барселона футбол клубынан түсірген пайдасының тек 8 пайызын жариялаған.

Футболшының қорғаушылары әзірше бұған қарсы пікір айтудан бас тартып отыр.

Бұған қоса футболшыға алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр. Жазда Испания соты оған қарсы шағымды қабылдаған болатын.

Неймарды алу үшін Барселона 2013 жылы 57 млн еуро төлеген еді. Алайда, соттың пайымынша, ойыншы үшін төленген сома бұдан әлдеқайда көп болған.

Неймарды басқа командаға ауыстырғанда түсетін пайданың (трансферлік құн) 40 пайызын алуға құқығы бар бразилиялық компания да оларды кем дегенде 1 млн еуроға алдап кеткенін айтқан.

Тергеушілер болса Неймар үшін сол жолы 57 млн емес, 83,3 млн еуро төленген деп санайды.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!