"Астана" — "Галатасарай" матчына билеттер сатыла бастады

Фотография - "Астана" — "Галатасарай" матчына билеттер сатыла бастады

131 0

"Астана" мен "Галатасарай" клубтары арасында өтетін матчқа 2 күн қалғанда билеттер стадион мен "Меломан" дүкендер желісінің кассаларында сатыла бастады.

Сонымен қатар, билеттерді интернет арқылы онлайн алуға да болады. Айта кету керек, билеттердің 80 пайызға жуығы ғаламтор арқылы сатылды.

Естеріңізге саламыз, матч 30 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. "Астана Арена" стадионына дейін автобустар қызмет көрсетеді, матчтан кейін автобустар жанкүйерлерді қалаға жеткізеді.

Автобустар сағат 19:00-ден бастап мына мекен-жайлардан жүреді:

1. "Қазақстан" СК

2. Мұңайтпасов стадионы

3. "Нұр-Астана" мешіті

4. Салтанат сарайы

 

Bnews.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!