Сабина Алтынбекова жапон клубына ауысуын сынағандарға өз пікірін білдірді

Фотография - Сабина Алтынбекова жапон клубына ауысуын сынағандарға өз пікірін білдірді

Белгілі волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желі арқылы жапондық GSS Sunbeam клубына ауысуын сынағандарға қатысты өз пікірін білдірді.

424 0

Белгілі волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желі арқылы жапондық GSS Sunbeam клубына ауысуын сынағандарға қатысты өз пікірін білдірді.

1Спорт туралы мағлұматы аз бола тұра, құр айқайға жол беретіндер үшін айтарым: Клуб пен Қазақстан құрамасы екеуі екі түрлі ұғым1, - деді спортшы өз аккаунтында.

Спортшы аталған клубта 1 ай бойы жаттығып келген. Биыл қарашада клуб спортшылары V.Challenge Ligue чемпионатында бабын сынайтын болады.

Өзінің блогында қазақстандық спортшы жаттығу 8 сағатқа дейін жалғасатынын айтқан. Айта кетейік, Сабина Алтынбекова 2014 жылы Қытайда өткен Азия жастар чемпионатында көзге түскен. Қытай журналистерінің обьективінен түспеген бойжеткен аз күнде әлемге танымал болды.

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!