"Астана" мен "Галатасарай" кездесуіне төреші тағайындалды

Фотография - "Астана"  мен  "Галатасарай" кездесуіне төреші тағайындалды

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі "Астана" мен "Галатасарай" арасындағы кездесуді қазылық ететін төрешілір есімі белгілі болды

204 0

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі  "Астана"  мен  "Галатасарай" арасындағы кездесуді қазылық ететін төрешілір есімі белгілі болды, деп хабарлайды Today.kz.


Кездесудің бас төрешісі болып швециялық Мартин Стрембергссон тағайындалды. Оның көмекшілері  Даниэль Густавссон мен Хоаким Флинк болмақ.Төрешінің қосымша көмекшілері Михаэль Лерьеус пен  Мохамед Аль-Хаким. 

38 жасар Мартин Стрембергссон 1997 жылдан бері төрешілік қызметте. Швеция біріншілігінде 2009 жылдан бері төрелік етіп келеді. 2011 жылы ФИФА-ның төрешілері қатарына енген. Өткен жылдың қазан айында Еуропа чемпионатына іріктеу  аясында өткен Қазақстан мен Чехия арасындағы кездесуде дәл осы Мартин Стрембергссон қызмет еткен болатын. 


Естеріңізге салсақ, "Астана" мен "Галатасарай" арасындағы ойын 30 қыркүйек күні "Астана Аренада" өтеді. Ойын Астана уақытымен 22:00 де басталады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!