Алматының спорт мектебінде көкпар бөлімі ашылды

Фотография - Алматының спорт мектебінде көкпар бөлімі ашылды

Республикалық "Көкпар федерациясының" Алматы қалалық филиалы Алматы қаласындағы №17 жасөспірімдер спорт мектебінен көкпар бөлімін ашты.

190 0

Республикалық "Көкпар федерациясының" Алматы қалалық филиалы Алматы қаласындағы №17  жасөспірімдер спорт мектебінен көкпар бөлімін ашты. 

Бұл туралы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметінен хабарлады.

Мектеп директоры Аманжол Қазымбетов көкпар бөлімінің нәтижелі жұмыс істеуіне қажетті барлық жағдайды тудырып отыр.  Мектептің ішінен жаттығу жасайтын, жататын орын бөлді. Ат құлағында ойнайтын, көкпарға икемі бар алғашқы сегіз  баланы бөлімге қабылдады.

Алдағы уақытта №17 жасөпірімдер мектебінің көкпар бөлімі Алматы қаласындағы  Б.Момышұлы атындағы әскери мектептің өрендерімен толықтырылып отырылатын болады. Ол туралы екі мектеп арасында меморандумға қол қойылды.

№17 мектептің көкпар бөлімін атпен, ер-тоқым, арнайы киім, аттардың жем-шөбімен «Көкпар федерациясының» Алматы қалалық филиалының директоры, меценат  Данияр Дәукей қамтамасыз етуде.

Бұл бөлімді ашуға Алматы қалалық спорт және дене шынықтыру істері басқармасы, Туризм және спорт академиясының басшысы Қайрат Закрьянов, және екі мектеп басшылары Аманжол Қазымбет пен Жарлепесов Сәбит көп еңбек сіңірді.  Жаңа құрылған топ «Б.Момышұлы атындағы көкпар командасы»  деп аталды.


Тегтер:

көкпар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!