Лемье тағы бір украиндық боксшыны спаринг серіктес етіп шақырды

Фотография - Лемье тағы бір украиндық боксшыны спаринг серіктес етіп шақырды

Канадалық кәсіпқой боксшы Давид Лемье 17 қазан күні Головкинге қарсы өткізетін жекпе-жекке дайындалу үшін тағы бір украиналық боксшы 27 жастағы Евгений Хитровты (11-0, 10 КО) спарринг серіктес болуға шақырды.

366 0

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 29 жастағы украиналық боксшы Сергей Деревянченко (6-0, 4 КО) Головкиннің қарсыласы Лемьеге спарринг серіктес болғанын жазған болатынбыз. Давид Лемье украиналық боксшыларды таңдауындағы басты себеп – бұл екі боксшы Головкин сияқты Кеңес мектебінің тәрбиесін алған және кәсіпқой карьерасында жеңіліп көрмеген ауыр соққылы спортшылар.

Естеріңізге саламыз, Головкин мен Лемье арасындағы жекпе-жек 17 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстандықтар бокс кешін «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирінен тамашалай алады.

Bnews.kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!