"Астана" – "Галатасарай" матчының көрермендері үшін арнайы автобус-шаттлдары ұйымдастырылады

Фотография - "Астана" – "Галатасарай" матчының көрермендері үшін арнайы автобус-шаттлдары ұйымдастырылады

Ертең, 30 қыркүйекте, жергілікті уақытпен сағат 22.00-де "Астана-Арена" стадионында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі "Астана" мен "Галатасарай" (Түркия) арасындағы кездесу өтеді.

376 0

 Ертең, 30 қыркүйекте, жергілікті уақытпен сағат 22.00-де "Астана-Арена" стадионында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі "Астана" мен "Галатасарай" (Түркия) арасындағы кездесу өтеді.

Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, сағат 19.00-ден бастап матчтың аяқталуына дейін Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылы қиылысы, Керей Жәнібек хандары көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейін қоғамдық көліктер мен таксиден басқа көлік қозғалысы шектеледі.

Аталған жол бойындағы жүктемені жеңілдету мақсатында Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтарын футбол матчына барарда қоғамдық көліктерді пайдалануға шақырады.

Көрермендер үшін арнайы автобус-шаттлдары ұйымдастырылады. Сағат 19.00-де Қ. Мұнайтпасов атындағы стадионы, "Қазақстан" спорт сарайы, "Хазірет Сұлтан" мешіті, "Нұр Астана" мешіті, Қабанбай батыр көшесі бойындағы елордалық цирк, Жеңіс даңғылы бойындағы "Жастар" театры алдында арнайы қоғамдық көліктер жолаушыларды жинап алады. Жол жүру құны 90 теңге, 15 жасқа дейінгі балаларға – 40 теңге. Аталған шаттлдарда жол жүру билеті жарамсыз. Сондай-ақ, "Астана-Арена" стадионына №10, 12, 27, 40, 43, 51 қоғамдық көліктерімен қатынауға болады. Ойын аяқталғаннан кейін көрермендер аталмыш шаттл арқылы бастапқы жиналған жерге қайта алады. Қоғамдық көліктердің қайтар уақыты сағат 23.30-ға жоспарланған. Қоғамдық көліктер Қабанбай батыр даңғылы бойымен, "Астана-Арена" стадионы алдындағы алаңда тұрады.

Сонымен қатар, көрермендер №10, 12, 27, 28, 30, 40, 43, 51, 55 және 61 қоғамдық көліктерімен қайта алады. Аталған маршруттар сағат 01:00 дейін қатынайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!