Головкин-Лемье жекпе-жегінің сатылымда тек 292 билеті ғана қалды

Фотография - Головкин-Лемье жекпе-жегінің сатылымда тек 292 билеті ғана қалды

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Головкин-Лемье жекпе-жегінің билеттері түгелге жуық сатылып кеткенін мәлімдеді

173 0

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Головкин-Лемье жекпе-жегінің билеттері түгелге жуық сатылып кеткенін мәлімдеді деп жазады Аllboxing.ru. 

"Шоу билеттері толықтай дерлік сатылып кетті. Соңғы мәліметтер бойынша кассада бар-жоғы 292 билет қалған" деді Роуч спорт порталына берген сұхбатында. Айта кету керек, кездесу өтетін Madison Square Garden кешені 18 мың адамға арналған.

Ал, жекпе-жектің өзі болса 17 қазан күні Нью-Йоркте өтеді. Бәске Головкинге тиесілі WBA (Super), IBO ижәне WBC (Interim) чемпиондық белбеулері мен Лемьенің IBF белбеуі түспек. Кездесуді HBO телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Ал, қазақстандықтар аталған спорт кешін "Қазақстан" телеарнасынан тамашалай алады.  

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!