Ә. Жақсыбеков: Бүгін - Астана өміріндегі тарихи күн

Фотография - Ә. Жақсыбеков: Бүгін - Астана өміріндегі тарихи күн

"Астана" - "Галатасарай" футбол матчының қарсаңында елорда әкімі Ә.Жақсыбеков жанкүйерлерді, барлық қала тұрғындарын сүйікті құраманы қолдауға шақырды

223 0

"Астана" - "Галатасарай" футбол матчының қарсаңында елорда әкімі Ә.Жақсыбеков жанкүйерлерді, барлық қала тұрғындарын сүйікті құраманы қолдауға шақырды, деп хабарлайды astana.kz.

- Бұл ойынның нәтижесі қандай болатынына қарамастан, біз жеңіске жетіп қойғанбыз, - деді әкім. - Ел спорты тарихында тұңғыш рет қазақстандық футбол клубы Еуропа чемпиондар Лигасын - ең жоғары деңгейдегі спорттық турнирді қабылдауда.

Бұл бапкерлер мен ойыншылардың ғана жетістігі емес. Бірінші кезекте, бұл - спорттың дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп, спорттық нысандарды көбейтіп, Астанада үлкен халықаралық спорт сайыстарын өткізуге мұрындық болған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасы.

- Бұл, сонымен қатар, спорт, дене шынықтыру және салауатты өмір салты өмірлік ұстанымдарына айналған құрама жанкүйерлерінің де еңбегі. Бүгін "Астана Арена" стадионында өтетін спорттық мереке барлығымызды одан әрі жұмылдыра түсуі керек, - деді Ә. Жақсыбеков.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!