"Астана"-"Галатасарай" ойыны тең есеппен аяқталды (Сурет)

Фотография - "Астана"-"Галатасарай" ойыны тең есеппен аяқталды (Сурет)

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңында Түркияның "Галатасарай" командасына қарсы ойнған "Астана" есепті теңестірді.

953 0

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңында Түркияның "Галатасарай" командасына қарсы ойнған "Астана" есепті теңестірді. 
Алғашқы минуттардан бастап алаң қожайындары басымдыққа ие болғанымен, 31-минутта қонақтар сапындағы Билал Кыса есепті ашып кетті. Дегенмен, бұл гол астаналықтардың сағын сындыра қоймады. Алғашқы таймның соңына дейін футболшыларымыз шабуылды үсті-үстіне үдетіп, доп соғуға тырысып бақты. Алайда, алғашқы 45 минутта есеп өзгермеді, қонақтар алға шықты. 

 Мұнан кейін 78 минутта қапталдан бағытталған допты түрік ойыншысы Хакан Балта өз қақпасына соғып алды. Дегенмен, дәл осындай автогол 86 минутта "Астана" қақпашысы Эричтің де еншісіне жазылды. "Астана" футбол клубының жартылай қорғаушысы Рохер Каньяс "Галатасараймен" өткен ойында елордалық клубты жеңілістен құтқарып қалды. Ойынның 90-шы минутында Каньястың алыстан тепкен добы қорғаушылардың аяғынан серпіліп, Муслера күзеткен қақпадан табылды.  Осылайша "Астана" - "Галатасарай" арасындағы ойын 2:2 есебімен аяқталып, матч барысында соғылған 4 доптың үшеуі автогол есебінде тіркеліп отыр.

Еуропа Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде екінші ойынын өткізген астаналық клубтың еншісінде 1 ұпай. Бірінші ойында жерлестеріміз Португалияда "Бенфикадан" 2:0 есебімен жеңіліп қалған болатын. 

Матчты əлемнің 53 арнасы тікелей эфирден таратуда. Мыңдаған қазақ жанкүйерімен бірге Астана командасын  Олимпиада чемпионы Серік Сəпиев те қолдауға келгені белгілі болды. "Астана" командасы Қазақстанның футбол командалары арасында УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шыққан тұңғыш команда.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!