Головкин мен Лемье жекпе-жегі бокс емес, нағыз төбелес болғалы тұр

Фотография - Головкин мен Лемье жекпе-жегі бокс емес, нағыз төбелес болғалы тұр

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) мен канадалық Давид Лемье (34-2, 31 КО) арасындағы жекпе-жек бокс емес, нағыз төбелес болғалы тұр. Мұндай пікірді украиналық боксшы Исмаил Силлах білдірді.

970 0

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) мен канадалық Давид Лемье (34-2, 31 КО) арасындағы жекпе-жек бокс емес, нағыз төбелес болғалы тұр. Мұндай пікірді украиналық боксшы Исмаил Силлах білдірді.

- Орта салмақтағы қазақстандық чемпион Геннадий Головкин мен канадалық Давид Лемьенің кездесуі әлем жұртшылығының көптен күткен оқиғасы болатын.

- Давидті бұрыннан білуші ме едің?
 

- Оның жұмысын ұзақ уақыттан бері бақылап келемін, ал өзімен тек осы жылдың мамырында ғана таныстым. Бір жолы Сауль Альварестің жаттығу лагеріне бардым, Канело мен Лемье екеуінің бапкері бір адам – Марк Рэмси.

- Көп адам Лемьені Головкиннің карьерасындағы ең қауіпті қарсылас санайды. Канадалық боксшы несімен мықты?
 

- Мен оның жаттығу процесі мен спаррингтерін бақыладым. Ол тынымсыз әрі қарқынды жұмыс жасайды. Оның бапкерінің айтуынша, олар Лемьені үш раундтық жекпе-жекке дайындап жатыр. Осы 3 раундтың ішінде олар Головкинді нокаутпен ұтудан дәмелі. Генаның да, Давидтің де соққылары өте жойқын. Сол себепті бұл жекпе-жек бокс емес, нағыз төбелес болғалы тұр. Жалпы, мен өзім Головкиннің жеңіске жететініне сенімдімін, себебі ол менің ең сүйікті боксшыларымның бірі. Әрине, Лемьені де құрметтеймін.

Естеріңізге саламыз, қос мықты арасындағы жекпе-жек 17 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренада өтеді. Боксшылар Головкинге тиесілі WBA (Super), IBO және WBC (Interim) чемпиондық белбеулері мен Лемьеге тиесілі IBF белбеуін сарапқа салады. Қазақстандықтар бокс кешін «Қазақстан» ұлттық арнасынан тамашалай алад

 

BNews.kz
 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!