Футбол: Иранның әйелдер құрамасында 8 ер азамат ойнап келген

Фотография - Футбол: Иранның әйелдер құрамасында 8 ер азамат ойнап келген

Футболдан Иранның әйелдер ұлттық құрамасында 8 ер азамат доп теуіп келген

163 0

Футболдан Иранның әйелдер ұлттық құрамасында 8 ер азамат доп теуіп келген. Өтіріктері әшкере болған олар бүгінгі таңда жыныстарын ауыстыру үшін ота жасатпақшы деп жазады Daily Mail жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. 

Әйелдер құрамасындағы еркек ойыншылар бұған дейін Иранның ішкі біріншілігінде ойнап үлгерген екен. Жуырда жынысын анықтайтын тесттен өткен кезде олардың өтіріктері әшкере болған. Бұл оқиғадан кейін Иранның спорт саласын басқарып жүрген шенеуніктері ұлттық құрамада жүрген барлық футболшының жынысын тексеру керек деген мәселе көтеріп отыр.

Айта кетейік, Иранда бұған дейін де дәл осындай екі жағдай тіркелген. 2010 және 2014 жылдары жынысын анықтайтын тесттен өте алмаған бірнеше футболшы спорттан шеттетілген еді. 

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!