Бокстан Дохада өтетін әлем чемпионатына 8 отандасымыз қатысады

Фотография - Бокстан Дохада өтетін әлем чемпионатына 8 отандасымыз қатысады

Доха қаласында 5 қазанда бокстан XVIII әлем чемпионаты басталады. 15 қазанға дейін жалғасатын додада 77 мемлекеттен келген 260 боксшы бақ сынайды.

430 0

Доха қаласында 5 қазанда бокстан XVIII әлем чемпионаты басталады. 15 қазанға дейін жалғасатын додада 77 мемлекеттен келген 260 боксшы бақ сынайды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Биылғы әлем чемпионатында ел намысын сегіз боксшымыз қорғайды. Олар: Олжас Сәттібаев (52 кг), Қайрат Ерәлиев (56 кг), Зәкір Сафиуллин (60 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг), Василий Левит (91 кг) және Иван Дычко (+91 кг).
Ал ең жеңіл салмақ – 49 кг мен 64 кг-да боксшыларымыз қатыспайды. Себебі, ұлттық құрамада 49 кг-да көшбасшы Біржан Жақып APB жобасында сынға түскені үшін Дохадағы додадан тыс қалса, Теміртас Жүсіпов соңғы Азия чемпионатындағы сәтсіздігі үшін жолдамадан қағылды. Өйткені, әлемдік сайысқа құрлық біріншілігінде ширек финалға дейін жеткен боксшылар ғана қатыса алады. 64 кг-да бақ сынайтын Самат Бәшенов те дәл осындай себеппен әлем чемпионатына бара алмайды.
Биылғы әлем чемпионатында келесі жылы өтетін Рио-де-Жанейро Олимпиадасына жолдамалар сарапқа салынады. Атап айтқанда, Дохада Олимпиаданың 23 жолдамасы үлестіріледі.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстан қоржынында бокстан үш Олимпиада жолдамасы бар. Олардың иелері Біржан Жақып (49 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг) және Василий Левит (91 кг).
Дохадағы сайыстың тағы бір ерекшелігі – қатысатын боксшылардың жас ерекшелігіне шектеудің қойылуы. Атап айтқанда бұл сайысқа 1975 және 1996 жылдар аралығында туған саңлақтар ғана қатыса алады.
Осыдан екі жыл бұрын Алматыда өткен соңғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 4 – алтын, 2 – күміс және 2 қола медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орыннан көрінген еді. Сол кезде Біржан Жақып (49 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Данияр Елеусінов (69 кг) және Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) әлем чемпионы атанса, Әділбек Ниязымбетов (81 кг) пен Иван Дычко (+91 кг) күміс медальді мойындарына тақты. Сондай-ақ, Қайрат Ерәлиев (56 кг) пен Берік Әбдірахманов (60 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!