Бүгін "Көктем-Күз 2015" студенттік лига ойындары басталады

Фотография - Бүгін "Көктем-Күз 2015" студенттік лига ойындары басталады

Бүгін Қарағанды экономикалық университетінің ғимаратында ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіповтің қатысуымен "Көктем-Күз 2015" футболдан Ұлттық студенттік лига ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді

225 0

Бүгін Қарағанды экономикалық университетінің ғимаратында ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіповтің қатысуымен "Көктем-Күз 2015" футболдан Ұлттық студенттік лига ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.  

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен елімізде бұқаралық спорт пен ірі спорттық жарыстарға көп көңіл бөлінуде.
2014 жылы футболдан Ұлттық студенттік лигаға Астана және Алматы қалаларының жоғары оқу орындарының командалары қатысса, биыл футболдан Студенттердің ұлттық лигасы Қарағанды және Шымкент қалаларының жоғары оқу орындарының командаларымен толықты. Бұл Студенттердің ұлттық лигасының дәрежесі өскендігінің айқын дәлелі.
Жарысқа Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Қазтұтынуодағы», "Болашақ" Қарағанды университетінің "Болашақ", Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (ҚМТУ), Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті "ҚМУ" командалары қатысады. 
Айта кету керек, "Көктем-Күз 2015" чемпионатының топтық кезеңіне 16 команда қатысады (Астана – 3 команда, Алматы – 6, Шымкент – 5, Қарағанды - 2). 16 команда жеребе салу бойынша төрт командадан  төрт топқа бөлінеді. Жарыстың қорытындысы бойынша топтарда 1 және 2 орын алған командалар анықталып, чемпионаттың финалдық бөліміне шығуы үшін тартысады. 
Финалдық бөлімде жартылай финал/финал қағидаты бойынша үздік төрт команда ойнайды. Финалдық бөлім  қараша айының екінші онкүндігінде Алматыда өтеді. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!