Павлодардың "Ертіс-Қазхром" командасы Қазақстан кубогын иеленді

Фотография - Павлодардың "Ертіс-Қазхром" командасы Қазақстан кубогын иеленді

Қарағандыда волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан кубогы жолындағы жарыс болып өтті.

192 0

Қарағандыда волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан кубогы жолындағы жарыс болып өтті.  Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
"Қазхром" зауыты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Павлодардың "Ертіс Қазхром" командасы Қазақстан кубогы жолындағы жарыста Петропавлдың "Қуаныш" командасын 3:0, "Алматы" волейболшыларын 3:1, Өскеменнің "Алтай" клубын 3:1 есебімен ұтты. Финалда "Ертіс-Қазхром" командасы "Жетісу-2" қыздарын 3:2 есебімен жеңіп, ел кубогын иеленді.
Кубок жолындағы жарыста команда намысын Екатерина Попова, Любовь Обиденко, Ботагөз Сәрсенбаева, Наталья Климерова, Наталья Жданкина, Виктория Лубенцова, Диана Кавторина, Ирина Лукомская, Антонина Рубцова, Дарья Буркина, Радмила Береснева, Алла Богдашкиналар қорғады.
Павлодар қаласының командасын Светлана Котова жаттықтырады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!