Ертек Астанада аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді

Фотография - Ертек Астанада аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді

Ертең Kunlun Fight 4 Cage Series, яғни аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді.

289 0

Ертең Kunlun Fight 4 Cage Series, яғни аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді.

Додаға 13 мемлекеттің спортшысы қатысады. Олардың ішінде Қазақстан, Қытай, Франция, Жапония, Бразилия, Корея, АҚШ елдері бар. Бүгін сайысқа түсетін палуандар таразыға тұрғаннан кейін, олардың ресми салмақтары тіркелді. Қазақстанның намысын 5 кәсіби спортшы қорғайды. Олар: Бейбіт Назаров, Руслан Қамзаев, Қазыбек Әшімов, Нұржан Тұтқаев және Нұрберген Шәріпов.

Айта кетсек, ертең Бейбіт Назаров Kunlun Fight 4 Cage Series әлем чемпионы атағын қорғайды. Оның қарсыласы итальяндық палуан Массимо Капусэлла болмақ. Соңғы жылдары бұл спорт түрі елімізде қарқынды дамып келеді. Отандастар түрлі елде өткізілетін чемпионаттарда әрдайым жүлделі орындарды иеленуде. Ал Қазақстанда бұл турнир екінші рет өткізілуде.

Ардақ Назаров, "KUNLUN FIGHT 4 CAGE SERIES" турнирінің ұйымдастырушысы:

- 1,5 жыл ішінде біз Kunlun Fight 4 Cage Series бойынша көптеген халықаралық жарысқа бардық. Шетелде өткен жарыстарда біздің жігіттер бақ сынап, өздерінің рейтінгілерін көтерді. Нәтижесінде біз Қытайға барып, осы турнирді Қазақстанда өткізу туралы келісімге қол қойдық.

 

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!