Роналдинью жол апатына түсіп қалды

Фотография - Роналдинью жол апатына түсіп қалды

Бразилия құрамасының бұрынғы футболшысы Роналдиньо жол апатына түсті. Бұл туралы Испанияның жергілікті басылымдары жариялады.

249 0

Бразилия құрамасының бұрынғы футболшысы Роналдиньо жол апатына түсті. Бұл туралы Испанияның жергілікті басылымдары жариялады.

Sport-express сайтының мәлімдеуінше Оқиға Порту-Алегри қаласында болған. 35 жастағы футболшы көлігіне ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. абырой болғанда спортшының өзі жараланбаған.

Роналдиньо – 2005 жылғы "Алтын доп" иегері. ФИФА нұсқасы бойынша әлемнің үздік футболшысы (2004, 2005).

Бразилияның "Гремио", "Фламенго", "Атлетико Минейро", "Флуминенсе", Францияның "Пари Сен-Жермен", Испанияның "Барселона", Италияның "Милан", Мексиканың "Керетаро" клубтарында ойнаған.

2015 жылдың 12 шілдесінде "Флуминенсе" клубымен 2016 жылдың соңына дейін келісімшарт жасасты.

 

BNews.kz

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!