"Алматы туры-2015" веложарысында жеңіске жетуге бар күшін салады - Фабио Ару (ФОТО)

Фотография - "Алматы туры-2015" веложарысында жеңіске жетуге бар күшін салады - Фабио Ару (ФОТО)

Біздің команда "Алматы туры-2015" веложарысында жеңіске жетуге бар күшін салады. Мен командама көмек көрсетуге дайынмын.

401 0

Біздің команда "Алматы туры-2015" халықаралық веложарысында жеңіске жетуге бар күшін салады. Бұл туралы сенбі күні Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында "Astana Pro Team" кәсіби велокомандасының екінші капитаны, итальялық велошабандоз Фабио Ару айтты. 
"Біздің команда "Алматы туры-2015" веложарысында жеңіске жетуге бар күшін салады. Мен командама көмек көрсетуге дайынмын. Жарыс жолы жылдам жүруге мүмкіндік береді. Дегенмен, жолдың мәре алдындағы соңғы белесін күрделі деуге болады. Өйткені, осы қыраттан алты рет өтуге тура келеді. Дегенмен, біздің командамыз мықты. Сондықтан, жарысты барынша шиеленістіріп, соңында жеңіске жетуге күш саламыз", - деді Фабио Ару.

Өз кезегінде "Алматы туры" веложарысының өткен жылғы жеңімпазы - "Astana Pro Team" кәсіби велокомандасының 23 жастағы шабандозы Алексей Луценко бұл жолы да өзіне сенімді екендігін айтты.

"Мен кәсіби деңгейде үш жылдан бері жарыстарға қатысып келемін. Биыл да аянып қалмаймыз. Мақсатымыз - тек жеңісrе жету. Ал болашақта жеткілікті тәжірибе жинақтаған соң, әлемдік деңгейдегі гранд турларға және классикалық жарыстарға қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткіземін деген сенімдемін", - деді А. Луценко.

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!