Астраханьдағы қазақ қызы дойбыдан Ресей чемпионы атанды

Фотография - Астраханьдағы қазақ қызы дойбыдан Ресей чемпионы атанды

Ресейдің Астрахань қаласында тұратын қазақ қызы 64 шаршылы дойбыдан елдің екі дүркін чемпионы атанды.

263 0

Ресейдің Астрахань қаласында тұратын қазақ қызы 64 шаршылы дойбыдан елдің екі дүркін чемпионы атанды. Бұл туралы ras.kz хабарлады.
"Астраханның дойбышы қызы – Ресей чемпионы. Астрахандық гроссмейстер Жанна Саршаева Ресейдің орыс шахматы бойынша өткен чемпионаты шеңберінде екі бірдей алтын медаль жеңіп алды", — делінген хабарламада.
Жанна аса жылдам ойналатын ойында жеті рет жеңіске жетіп, екі матчты тең аяқтап, 9 мүмкіндіктен 8 ұпай жинап, топ басына дара шыққан. Ол сондай-ақ жылдам ойналатын келесі ойында 9 мүмкіндіктен 7 ұпай алып, 28 қатысушының арасында бірінші орынға көтерілген. Бұл жолы ол 7 рет ұтып, 2 мәрте тең ойнап, 1 рет ұтылып қалған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!