Ә. Жақсыбеков "Астана" велокомандасымен кездесті

Фотография - Ә. Жақсыбеков "Астана" велокомандасымен кездесті

Бүгін Ә. Жақсыбеков Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Дархан Қалетаев және "Астана" велокомандасының өкілдері – олимпиада чемпионы, бас менеджер Александр Винокуров, велоспортшылар Фабио Ару мен Андрей Зейцпен кездесті деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

245 0

Бүгін Ә. Жақсыбеков Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Дархан Қалетаев және "Астана" велокомандасының өкілдері – олимпиада чемпионы, бас менеджер Александр Винокуров, велоспортшылар Фабио Ару мен Андрей Зейцпен кездесті деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елорда әкімі, бірінші кезекте, кеше, 4 қазанда өткен "Алматы Туры- 2015" халықаралық кәсіби веложарыста қазақстандық Алексей Луценконың жеңісі мен «Ломбардия туры» атты классикалық италияндық веложарыстағы Винченцо Нибалидің жеңісімен құттықтады.

Ә. Жақсыбеков жас итальяндық велошабандоз Фабио Аруды да ерекше атап өтті. Ол биылғы маусымда өткен екі Гранд Турдың құрмет тұғырына көтеріле алды, яғни, "Джиро д’Италия" веложарысының қорытындысы бойынша екінші орын жеңімпазы және испандық «Вуэльта» Гранд Турының жеңімпазы атанған.

"Бұл маусым сіздер үшін өте сәтті болды, сіздерді осы жеңістеріңізбен құттықтаймын. Біз сіздерді мақтан тұтамыз. "Астана" велокомандасы еліміздің велоспортын насихаттаумен қатар, Астана қаласының брендіне де айналуда" - деді Ә.Жақсыбеков.

Кездесу барысында балалар мен жасөспірімдер арасында велоспортты дамыту мәселелері қарастырылып, елордада "Astana Cup" халықаралық веложарысы «Сарыарқа» велотрегінде өткізу мүмкіндігі туралы да ерекше сөз қозғалды.

Фабио Ару Астана қаласының әкіміне велоспортты қолдағаны үшін алғысын білдіріп, испандық "Вуэльта" Гранд Тур жеңімпазының қызыл жейдесін табыстады. Александр Винокуров, өз кезегінде, Ә.Жақсыбековке "А. Винокуров: Олимпийский путь" кітабын сыйлады. 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!