Каратэден жапонды жеңген Мерей Сүйінов әлем чемпионы атанды

Фотография - Каратэден жапонды жеңген Мерей Сүйінов әлем чемпионы атанды

Ресей Федерациясының Хабаров қаласында каратэ киокушинкайдан өткен әлем чемпионатында 80 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Мерей Сүйінов бас жүлдені иеленді.

377 0

Ресей Федерациясының Хабаров қаласында каратэ киокушинкайдан өткен әлем чемпионатында 80 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Мерей Сүйінов бас жүлдені иеленді.
Әлем чемпионатын Ресейдің "Боец" телеарнасынан тікелей эфирде тамашалаған отандық жанкүйерлер Мерей Сүйіновтің финалда Жапонияның спортшысы Хиношита Такеакимен кездесіп, жеңіске жеткеніне куә болды.

Айта кету керек, бұл бәсеке өте тартысты өтті. Негізгі уақыт тең аяқталды. Төрешілер екі рет қосымша уақыт белгіледі. Жапон спортшысы екі мәрте нокдаун алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Қорытындысында қазақ спортшысы жеңіске жетті. Ал осы салмақ бойынша үшінші орынды шведтік Йонас Розин пен литвалық Арнольдас Гревас иеленді.

Осы біріншілікте 60 келі салмақта финалға шыққан және бір қазақстандық спортшы Виталий Чех қарсыласы армениялық Артур Арашунянға есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. Ал осы салмақта жапониялық Генки Такахаши мен ұлыбританиялық Леон Лундреган қола медальді қанағат тұтты.

Сонымен қатар ерлер арасында Еркебұлан Бейсембаев (65 кило), Дмитрий Федоров (85 кило) және әйелдер арасында Аэлита Алексеева (70 кило) сынды қазақстандық спортшылар әлем чемпионатының қола медалін иеленді.

Осы әлем чемпионатына 44 елден 250 спортшы қатысқанын айта кеткен жөн.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!