Қазақстандық боксшылардың әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыластары анықталды

Фотография - Қазақстандық боксшылардың әлем чемпионатындағы  алғашқы қарсыластары анықталды

Катарда жекпе-жектері басталатын бокстан лицензияланған әлем чемпионатының жеребесі салынды

290 0

Катарда жекпе-жектері басталатын бокстан лицензияланған әлем чемпионатының жеребесі салынды, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандықтар жарыстағы алғашқы қарсыластары кім болатынын білді.

7 қазанда 52 келіге дейін салмақ дәрежесінде Олжас Сәттібаев украиналық Игорь Сапинскиймен кездеседі. 

56 келіге дейін салмақта Қайрат Ералиев 8 қазанда екінші айналымда шығады, оның қарсыласы бүгін Франческо Майетта (Италис) мен Мұраджон Ахмадиевтің (Өзбекстан) жекпе-жегінде анықталады. 

7 қазанда Закир Сафиуллин рингте ресейлік Адлан Әбдірәшидовпен кездеседі. 

Жәнібек Әлімханұлы 8 қазанда екінші раундтан бастап 75 келіге дейінгі салмақта Мисаэль Оливас Родригес (Мексика) - Апхисит Кананхоккхруеа (Тайланд) жұбының жеңімпазымен күреске түспек. 

Екінші айналымға күрессіз түскен Әділбек Ниязымбетов (81 келіге дейінгі салмақ) әлем чемпионатындағы күресін 9 қазан күні Еркін Әдилбек-уулу (Қырғызстан) - Аала Гхоссун (Сирия) жекпе-жегінің жеңімпазымен өткізеді. 

Ауыр салмақтағы спортшылар Василий Левит (91 келіге дейін) пен Иван Дычко (91 келіден жоғары) әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жектерін тиісінше 8 және 9 қазан күндері екінші раундтан бастап өткізеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!